
ШҚО Шемонаиха ауданының әкімдігі балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:
Біліктілік талаптардың толық тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Өтінімдерді тапсыру мерзімі - конкурстық құжаттамаға сәйкес 2020 жылдың 03 қарашасынан 17 қарашасына дейін.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына сәйкес біліктілік талаптарға жауапты, Конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық жеке немесе заңды тұлғалар жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады: Шемонаиха қ., Аврора к-сі. 2, 3 қабат, 351 кабинет, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін және/немесе http://www.akimvko.gov.kz, http://shemonaiha.vko.gov.kz сайттарынан.
Конкурстық құжаттар тегін беріледі.
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер мөрленген конвертке салынады, «Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2020 жылдың 17 қарашада сағат 8.00-дан 17-00-ге дейін келесі мекенжай бойынша тапсырады: индекс 071800, Шемонаиха қ., Аврора к-сі. 2, 3 қабат, 351кабинет.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2020 жылдың 18 қарашасында сағат 11.00-ден сағат 13.00 мин. аралығында Шемонаиха қ., Иванов к-сі, 59 мекенжайы бойынша ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (72332) 9-21-49 телефоны арқылы білуге болады.