Тарбағатай ауданында коронавирустық инфекцияның екінші толқынына төтеп беру, жаппай таралуына жол бермеу, санитарлық талаптардың қатаң сақталуын бақылау және алдын-алу жұмыстарының атқарылу барысын қадағалау мақсатында күн сайын әртүрлі нысандарға рейдтер жүргізетін мобильді бақылау топтарының қызметі күшейтілді.

Топтың құрамына депутаттар, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің, санитарлық қызмет, құқық қорғау органдарының өкілдері мен «Nur Otan» партиясының мүшелері, Тарбағатай ауданы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері енгізілген.
⠀
Ауданда барлығы 17 мобильді бақылау топтары құрылған, оның 3 Ақсуат ауылындағы тұрғындарға, барлық басқару үлгісіндегі кәсіпорындарда, шағын және орта бизнес нысандарында бетперде тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
⠀
Бүгінде 208 рейд жүргізіліп, 542 кәсіпкерлік нысандары, 2 базар қамтылды. Тексеру барысында 28 заң бұзушылықтары фактілері анықталып, 2 тұлғаға айыппұл салынды.