Катонқарағай ауданында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау және алдын-алу жұмыстарының атқарылу барысын қадағалау мақсатында күн сайын әртүрлі нысандарға рейдтер жүргізетін бақылау топтарының қызметі күшейтілді.

Ауданның ауылдық округтерінде профилактикалық, эпидемияға қарсы карантиндік іс-шараларды сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 15 мобильді және мониторингтік бригадалар құрылды.
Топтың құрамына «Nur Otan» партиясының мүшелері, кәсіпкерлік бөлімінің, санитарлық қызмет, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері кіреді.
⠀
Аудандағы бақылау топтары тұрғындарға, барлық шағын және орта бизнес нысандарында бетперде тағу режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүгізуде.
⠀
Күнделікті жүргізілген рейдтер қорытындысы бойынша 12 заң бұзу фактісі анықталып, айыппұл салынды.