Зайсан ауданында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау және алдын-алу жұмыстарының атқарылу барысын қадағалау мақсатында күн сайын әртүрлі нысандарға рейдтер жүргізетін бақылау топтарының қызметі күшейтілді.

Топтың құрамына депутаттар, кәсіпкерлік бөлімінің, санитарлық қызмет, құқық қорғау органдарының өкілдері мен «Nur Otan» партиясының мүшелері, Зайсан ауданы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, газет және жергілікті телеарна тілшілері кіреді.
⠀
Ауданда барлығы 5 бақылау тобы құрылған, оның 3 Зайсан қаласында тұрғындарға, барлық басқару үлгісіндегі кәсіпорныдарда, шағын және орта бизнес нысандарында бетперде тағу режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүгізуде.
⠀
Бүгінде 60 рейд жүргізіліп 332 нысан қамтылды, 38 заң бұзу фактілері анықталды.