
Топтың құрамына депутаттар, кәсіпкерлік бөлімінің, санитарлық қызмет, құқық қорғау органдарының өкілдері мен «Nur Otan» партиясының мүшелері, Алтай ауданы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, газет және жергілікті телеарна тілшілері кіреді.
⠀
Ауданда барлығы 20 бақылау тобы құрылған, оның 5 Алтай қаласында тұрғындарға, барлық басқару үлгісіндегі кәсіпорныдарда, шағын және орта бизнес нысандарында бетперде тағу режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүгізуде.
⠀
Бүгінде 35 рейд жүргізіліп 579 нысан қамтылды, 20 заң бұзу фактілері анықталды.