
Аягөз ауданында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау және алдын алу жұмыстарының атқарылу барысын қадағалау мақсатында күн сайын әртүрлі нысандарға рейдтер жүргізетін бақылау топтарының қызметі күшейтілді.
⠀
Топтың құрамына Атамекен кәсіпкерлік палатасы, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудан әкімдігінің жастар ресурстық орталығы, аудандық полиция бөлімі кіреді.
⠀
Ауданда барлығы 7 бақылау тобы құрылған олар тұрғындарға, барлық басқару үлгісіндегі кәсіпорындарда, қоғамдық көліктерде, шағын және орта бизнес нысандарында бетперде тағу режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
⠀
Бүгінде 200 ден астам рейд жүргізіліп 371 нысан қамтылды, 34 заң бұзу фактілері анықталды.