
Бесқарағай ауданының мобильді топтары санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтауын тексеру мақсатында ауданның білім беру объектілеріне 16 рейд жүргізіп, оның ішінде 4-еуі дезинфекциялық режимді, парталар арасындағы қашықтықты сақтамау, оқушылардың отырғызу тәртібін бұзу, ауыз су режимін сақтамау сияқты бірқатар бұзушылықтар анықтады.
⠀
Анықталған фактілер бойынша бұзушылықтарды жою туралы 4 нұсқама берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 айыппұл салынды.