Семейде полиция және ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері қала көшелерінде патруль жүргізіп тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Семейде полиция және ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері қала көшелерінде патруль жүргізіп тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Семейде полиция және ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері қала көшелерінде патруль жүргізіп тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.⠀

Тәртіп сақшылары қалалықтарға маскалық режимді сақтау маңыздылығы туралы ақпараттар беріп олардың температураларын тексеруде. Жоғарғы температура анықталған жағдайда жедел жәрдем шақыртылып тексеріледі.⠀

Қала 202 учаскеге бөлінген, әр учаскеде полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері қызмет атқаруда. Арнайы топ қала бойынша, қоғамдық орындарда, автобустарда және кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жүргізуде.⠀

Соңғы 10 күн ішінде мобильді топтарымен кәсіпкерлік субъектілерінде 90 астам карантиндік талаптарды бұзулар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көбінде карантин режимін қызмет көрсетулері 22:00-ден таңертеңгі 07:00-ге дейін тыйым салынған кафелермен мейрамханалардың, сауналардың, дүкендердің және компьютерлік клубтардың иелері бұзуда. Алайда, тыйымға қарамастан олардың басым бөлігі тәуліктің түнгі мерзімінде жұмыс істеуде.⠀

Тәртіп бұзушыларға қатысты жұмылдыру топтарының өкілдерімен әкімшілік хаттамалары толтырылуда.