
Өскеменде эпидемиологиялық жағдай бойынша мобильді топтардың қызметі туралы
Қалада арнайы мониторингтік топтар қоғамдық орындарда санитарлық-гигиеналық нормалардың қалай сақталатынын тексеруде. Күн сайын 15 мобильді мониторингтік топ рейд жұмыстарын жүргізуде. Мобильді топтардың қызметі жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерін аумақтық бөлу қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Өскемен 200 учаскеге бөлінген, әр шаршыда полиция мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының қызметкерлері қызмет атқаруда.
Соңғы 10 күн ішінде мобильді топтармен 1384 нысан қамтылып, кәсіпкерлік субъектілерінде 109 санитарлық нормаларды бұзу анықталды, жалпы сомасы 1041750 теңге айыппұл салынды.
Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Рейдтер күн сайын өткізіледі. Рейдтердің мақсаты – адамдарды жазалау емес, санитарлық нормалар мен шектеу шараларын елемеу салдары туралы ескерту екенін атап өткен жөн.