
"Біздің облыста 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бүгін Үкімет отырысында еліміздің Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин өңірде жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру қарқынына оң баға берді, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
⠀ Жалпы ШҚО бойынша 819 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралар барлық қалалар мен ауылдарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымның жаңаруына ықпал етті.
⠀ Сондай-ақ, Өскемен қаласы мен Үржар ауданындағы әуежай кешенін жаңғырту, Алакөл көлі жағалауына инженерлік желілер салу сияқты ірі жобаларды іске асыру, туризмді, экономиканы дамытуға негіз қалайды".
⠀ Аймақ басшысының айтуынша, Жол картасы халықты жұмыспен қамту құралы ғана емес, қиын кезеңде өңірдің экономикалық өсуі мен бизнестің іскерлік белсенділігін арттыру драйвері болды.