
Бүгін қала әуежайында жанкүйерлер 2026 жылғы IIHF Құрлықтық кубогінің финалдық кезеңінен оралған «Торпедо» хоккей клубын күтіп алды. Команда екінші орынға ие болып, соңғы 18 жылдағы осы турнирдегі ең үздік нәтижесін көрсетті.
Финалдық топта «Торпедо» Данияның «Хернинг Блю Фокс» командасын жеңіп, британиялық «Ноттингем Пантерз» клубына есе жіберді. Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Пестов финалдық сериядағы голкиперлер рейтингінде көш бастап, турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды.
Әуежайда хоккейшілерді спорт жұртшылығының өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды. Ойыншылар қала тұрғындарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл нәтиже Pro Hokei Ligasy Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне дайындықтың маңызды сатысы екенін атап өтті.
Команда бірден тұрақты чемпионат ойындарына дайындықты бастайды. «Торпедо» келесі үй ойындарын 21-22 қаңтар күндері петропавлдық «Құлагерге» қарсы өткізеді.