ШҚО әкімі Глубокое ауданындағы мектеп пен амбулаторияға барды

ШҚО әкімі Глубокое ауданындағы мектеп пен амбулаторияға барды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Глубокое ауданына барды.

Белоусовка кентінде былтыр көктемде ашылған №2 мектепті аралап көрді. Білім ордасында 500-ден астам бала бар. Оларға 48 мұғалім сабақ береді.

- Мұнда басқа да «Келешек мектептеріндегідей» жарық сыныптар, спорт залы, акт залы, кітапхана, компьютерлік және хореография кабинеттері бар. Балалардың сапалы әрі жайлы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған, - деді аймақ басшысы.

Содан кейін Нұрымбет Сақтағанов Секисовка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін амбулатория бір ауысымда 25 пациентті қабылдайды. 2024 жылы салынған медициналық мекемеде 3 қызметкер жұмыс істейді.

Облыс әкімі ауыл жұртшылығына сапалы медициналық көмек көрсету үшін өңірдің басқа да елді мекендерінде осындай амбулаториялар салудың маңыздылығына тоқталды.