ШҚО-да рұқсат етілмеген қоқыстардың 87% жойылды

ШҚО-да рұқсат етілмеген қоқыстардың 87% жойылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов Шығыс Қазақстан облысында рұқсат етілмеген ҚТҚ жою туралы айтып берді.

2020 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ұсынған ғарыштық мониторинг деректері бойынша ШҚО-да 569 стихиялық қоқыс орны анықталды.

-Біздің басқарма экология Департаментімен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлерді жою кестесін әзірлеп, бекітті. Қала және аудан әкімдіктерінің көмегінің арқасында бүгінгі күні 497 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды. Бұдан басқа, Өскемен және Семей қалаларында заманауи қоқыс өңдеу зауыттарын салу мәселесі қарастырылуда. ҚТҚ жою бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде, - деп атап өтті Нұрлан Рамазанов.