
«ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ «Заң және тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында түсіндіру шарасы өткізілді.
Спикер ретінде ШҚО әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Карпова Елена сөз сөйледі. Ол қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелерін, соның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің нормаларын, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарды түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың түрлері қаралды.
Шара қорытындысы бойынша ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы Карпова Е. полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді қатысқаны және бірлескен іс-шаралар өткізгені үшін Алғыс хат табыс етті.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңдылық пен қызметтік тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.