
Өскемен «Қала-Тау-Көл» туристік кластерінің өзегі саналады. Жыл бойы жұмыс істейтін туристік модель қалыптастырылуда. Дамудың негізгі бағыттары: жағалауларды абаттандыру және мәдени мұра нысандары, «Ақбауыр» археопаркі, тау шаңғысы және рекреациялық аймақтар.
Сондай-ақ көпфункционалды концерттік орталық салу және 4-5 жұлдызды қонақүйлерді қоса алғанда, халықаралық қонақүй желілерін тарту.
Қаланың гастрономиялық әлеуеті жоғары.
Жыл бойғы үздіксіз туризм дамып келеді: жаз мезгілінде - ресми жағажайлар мен демалыс аймақтары; қыста - мұз айдындары мен тау шаңғысы базалары.
Онкология және хирургия орталығы базасында медициналық туризм белсенді дамып келеді. Өскеменде CHECK-UP тексерісінің құны - 500 АҚШ доллары. Салыстыру үшін айтсақ, шетелде дәл осындай қызметтер 5-10 мың АҚШ долларын құрайды.
Қаладағы туристік инфрақұрылымды, табиғатты, мәдениетті, медицинаны және сервисті біріктіретін бірыңғай туристік экожүйе қалыптастырылып келеді.