ШҚО қалалары мен аудандарының шығармашылық ұжымдарының қорытынды гала-концерті өтті

ШҚО қалалары мен аудандарының шығармашылық ұжымдарының қорытынды гала-концерті өтті

Бүгін облыстық «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында қалалар мен аудандардың мәдени күндерінің қорытынды гала-концерті өтті.

ШҚО филармониясы залында ине шаншар орын болған жоқ. Облыстың әр түкпірінен жиналған көрермен өнерпаздардың сахнаға шығуын тағатсыздана күтті.

Әр қала, аудан 1 нөмірден ұсынды. Әншілер әуелетіп ән шырқаса, бишілер мың бұрала биледі. Халық алақандары ауырғанша қол соғып, ерекше қошемет білдірді.

«Шығысымыздың төрінде сән-салтанаты жарасқан керемет кеш өтті. Соңғы 3 айда әр аптаның жұмасында өнерсүйер қауым осы концерт залына асыға келіп жүрді. Рухани, мәдени демалыс сыйлап, халықтың шөліркеп қалған көңілін сусындатқан барлық өнерпаздарға алғыс білдіремін!» - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Күршім ауданы бас жүлде иегері атанды. Бірінші орынды Тарбағатай ауданы, екінші орынды Ұлан ауданы, үшінші орынды Марқакөл ауданы иеленді.