
ҚАЕУ жоғары колледжі базасында «Заң және жастар» атты диалог алаңы өтті.
Іс-шара «Заң және тәртіп» идеогемасы аясында ұйымдастырылып, оның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру болды.
Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері мен психологтар қатысып, жастардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сананы қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Спикерлер нашақорлық пен өзге де тәуелділіктердің алдын алу тақырыбына назар аударып, құқықтық сауаттылық пен саналы таңдау жасай алу – салауатты өмір салты мен қауіпсіз болашақтың кепілі екенін атап өтті.
Шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл кездесу жастардың құқықтық мәдениеті мен жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.