ШҚО-да әдеп жөніндегі уәкілдер мен кадр қызметкерлеріне арналған семинар өтті

ШҚО-да әдеп жөніндегі уәкілдер мен кадр қызметкерлеріне арналған семинар өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері мен кадр қызметтерінің мамандарына арналған оқыту семинары өтті.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормаларын сақтау, іскерлік этикетті ұстану және кәсіби мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бекқужина М. тыңдаушылар алдында «Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлықты сақтау, ойын-сауық орындарына барудан бас тарту, діни наным-сенімдерді қинап таңуға және қол астыңыздағы қызметкерлерді діни іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу, кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол басшының жеке үлгі көрсетуі мен этикалық мінез-құлықты сақтаудың, сондай-ақ ұжымда жайлы атмосфера қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Президент жанындағы ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Бұқанова Ж. мемлекеттік қызметшілерге арналған «Этикалық лидерліктің заманауи құзыреттері» оқу модульдері мен бағдарламаларын таныстырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастырудағы негізгі фактор екенін жеткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Айқымбеков Е. мемлекеттік қызметшілерге Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормалары мен талаптарын сақтау жөнінде түсіндіріп, әдеп нормаларын бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың мемлекеттік қызмет институтына деген сенімін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Осындай семинарлар қызметтік тәртіпті нығайтуға, мінез-құлық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.