
Республика күні қарсаңында Катонқарағай ауданының әлеуметтік және спорттық өмірінде айтулы оқиға болды - Катонқарағай ауылында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді
Бұл заманауи нысан – Мемлекет басшысының халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру жолындағы нақты қадамның бірі.
Жаңа кешен аудан тұрғындарының белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік беріп, жас спортшылардың шынығып, үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашпақ.