Зайсан аудандық сотында Шілікті ауылының әкімі Т.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 6 қазанда сағат 15:00 шамасында лауазымды тұлға әкімдік ғимаратындағы қызметтік кабинетінде, ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқан.
Сот процесі барысында Т. өз кінәсін толық мойындап, кездесуге қатысушыларға қатысты бейәдеп сөздер айтқанын жоққа шығармады. Ол жасаған әрекетіне өкінетінін білдіріп, көпшілік алдында кешірім сұрады.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың жасалғаны сотта қаралған бейнежазбамен, куәлардың айғақтарымен және өз түсініктемесімен расталды.
Зайсан аудандық сотының қаулысымен Т. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.