KazAgro/KazFarm-2025: фермерлердің өсу алаңы

KazAgro/KazFarm-2025: фермерлердің өсу алаңы

2025 жылы 22-24 қазан аралығында Астанада Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік көрмелердің бірі - KazAgro/KazFarm-2025 өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы - ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы.

Бұл дәстүрлі түрде агроөнеркәсіп кешенінің жетекші өкілдерін, халықаралық сарапшыларды және мемлекеттік органдарды біріктіретін басты алаң. Мұнда тәжірибе алмасу, экспорттық келісімдер жасау және Қазақстан ауыл шаруашылығының болашағын талқылау көзделіп отыр.

Биылғы жылы KazAgro/KazFarm-2025 көрмелері ең жоғары деңгейде өтеді - іс-шараға Үкімет төрағасының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, сондай-ақ Сауда және интеграция министрі қатысады. Сонымен қатар, шетелдік делегациялар, елшіліктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуын растады. Бұл көрмеге жаһандық маңыз бен халықаралық коммуникациялық мәртебе береді.

«KazAgro және KazFarm көрмелері еліміздің аграрлық саласының жыл сайынғы және ұзақ мерзімді күн тәртібін қалыптастыратын стратегиялық алаңға айналды», - дейді ұйымдастырушылар.

Көрмеге әлемнің 25 елінен 250-ден астам компания қатысады. Германия, Австрия, Чехия, Беларусь, Иран, Ресей және басқа да елдердің ұлттық стендтері агротехнологиялар, цифрландыру және ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы инновациялық шешімдерін ұсынылады.

2025 жылғы көрменің басты бағыты - фермерлік өнім экспорты. QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы арнайы B2B аймақ ұйымдастырады. Мұнда қазақстандық өндірушілер шетелдік серіктестермен тікелей келіссөздер жүргізіп, экспорттық келісімдерге қол жеткізе алады. Бұл фермерлерге жаңа нарықтарға шығуға, «Қазақстанда жасалған» брендімен өнімдерін ілгерілетуге және ауыл шаруашылығы бизнесінің табыстылығын арттыруға нақты мүмкіндік береді.

Биылғы көрменің ерекшелігі – Беларусь-Қазақстан аграрлық форумы. Форум Беларусь Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады және үкімет, бизнес пен салалық қауымдастық өкілдері арасындағы диалог алаңына айналады. Негізгі мақсат - екі ел арасындағы сауда-экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты нығайту.

Көрменің тағы бір маңызды бағыты - жастарды тарту. «Ауыл» партиясы ұйымдастыратын AgroHackathon аясында студенттер ауыл шаруашылығына арналған инновациялық жобаларын ұсынады. Үздік идеялар нақты өндірістік секторда жүзеге асыруға қолдау алады.

KazAgro/KazFarm-2025 көрмесінде іскерлік бағдарлама бұрынғы жылдарға қарағанда ең мазмұнды болмақ. Қатысушыларды салалық конференциялар, панельдік пікірталастар, семинарлар, B2B және B2G кездесулер күтеді.

Негізгі тақырыптар:

  • аграрлық білім берудің заманауи тәсілдері;
  • Чехия мен Германияның АӨК саласындағы инновациялары;
  • қуаңшылық жағдайында тиімді мал азығын өндіру;
  • мал шаруашылығы мен ветеринариядағы жаңа технологиялар;
  • сүт өндірісі кешендерін цифрландыру және автоматтандыру.

Бұл бағыттар көрмені аграрлық білім мен тәжірибенің орталығына айналдырмақ.

KazAgro және KazFarm көрмелері ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық тізбегін қамтиды:

  • Өсімдік шаруашылығы: тұқым, агрохимия, техника, цифрландыру, өнімді өңдеу;
  • Мал шаруашылығы: генетика, жем-шөп өндірісі, жабдықтар, қайта өңдеу, дайын өнім шығару – қысқасы сүттен бастап премиум етке дейін.

KazAgro/KazFarm-2025 – бұл жай көрме емес, агроөнеркәсіп әлемінің стратегиялық алаңы. Мұнда идеялар туындайды, серіктестік орнайды және Қазақстан ауыл шаруашылығының болашағы қалыптасады.

Кіру тегін!

Өтетін күні: 22-24 қазан 2025 жыл.

Өтетін жері: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 53/1 («EXPO» Халықаралық көрме орталығы).

БАҚ аккредитациясы үшін: 87776454635 (21 қазанға дейін жіберуіңізді сұраймыз).

Ұйымдастырушылардан толығырақ ақпарат алу үшін:

+7 (701) 952-86-72,

+7 (701) 958-29-73;

project@expogroup.kz

expogroup@expogroup.kz;

kazagroexpo.kz

kazfarm.kz

Instagram: @expogro