
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Глубокое ауданындағы Опытное поле ауылында егін жинау барысымен танысты. Содан соң Шемонаиха ауданындағы «Камышинское» шаруа қожалығына барды.
Айта кету керек, ірі қара ұстап, сүт өндірумен айналысатын бұл қожалық мемлекеттен берілетін несиелерді алмай-ақ табысты жұмыс істеп келеді.
Ауыл шаруашылығы министрі Шығыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешен саласының жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын атап өтті.