ШҚО әкімдігінде маңызды мәселелер талқыланды

ШҚО әкімдігінде маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін өңірді дамытуға тікелей қатысты негізгі мәселелер талқыға салынған бірқатар жиналыстар мен кездесулер өтті.

Шағын аппараттық кеңесте апта қорытындылары шығарылып, алдағы күндердің басым бағыттары айқындалды.

«Altai Invest-2025» форумының нәтижелері талқыланды. Бүгінде жобалардың бір бөлігі жүзеге асырыла бастаса, екінші бөлігі бойынша инвесторлармен жан-жақты жұмыс жалғасып жатыр.

Облыс әкімінің мәслихат алдындағы есебіне дайындық жүруде. Бюджеттің орындалуы ерекше назарда, инвестициялық белсенділікке және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ден қойылған.

Алдағы кеңейтілген кеңесте 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің динамикасы қарастырылмақ.

Аудандарға іссапарлар кестесі мен халықпен кездесу жоспарлары жеке талқыланды.

«Энергетика нысандарындағы, абаттандыру, жерді бөлу және қоқыс шығару мәселелеріндегі жағдайды бақылауда ұстау қажет. Аудандар мен қалалардағы жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – ашықтықты сақтау, жүйелі жұмыс істеу және даму қарқынын жоғары деңгейде ұстау», - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.