Шығыс Қазақстанда аймақтың үздік инвестициялық жобалары марапатталды

Шығыс Қазақстанда аймақтың үздік инвестициялық жобалары марапатталды

«Altai Invest – 2025» Халықаралық инвестициялық форумы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2023–2024 жылдары аймақта жүзеге асырылған ең үздік инвестициялық жобаларды іске асырған компанияларды марапаттады.

Марапатқа ие болған компаниялар арасында әртүрлі саланың кәсіпорындары бар: «Силумин-Восток» ЖШС, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ,«Алтын Шығыс» ЖШС, «Шемонаиха ұн және құрама жем комбинаты» ЖШС «Украинка» шаруа қожалығы, «Алтай форелі» ЖШС, «BearLog» және «Приморск» демалыс базалары, сондай-ақ «Arnna Minerals» ЖШС.

Марапаттау рәсімі форумның іскерлік бағдарламасы аясында өтті және аймақтың инвестициялық дамуына арналған басты шаралардың бірі болды.