
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов MIGLIOR компаниясының басшылығымен кездесті.
Артезиандық ауызсу өндірумен айналыстын бұл компания өңірде жүзеге асырылатын инвестициялық бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, олар су электр станциясы мен жоғары қоспаланған болат өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл жобалар аймақтың өндірістік әлеуетін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға және металлургия саласына заманауи технологияларды енгізуге сеп болады.
Өңір басшысы жаңа өндірістің іске қосылуы жұмыс орындарын ашуға және облыс экономикасын дамытуға серпін беретінін атап өтті.
Айта кету керек, MIGLIOR бренді кезінде Дінмұхамед Қонаевтың бастамасымен ашылған артезиан бұлағының атауын иеленген. Бүгінде бөтелкедегі суды шығаратын зауыт осы кәусәр бұлақтың дәл іргесінде орын тепкен.