
Шығыс Қазақстанда республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын қыс кезінде күтіп-ұстау жұмыстары аяқталуға жақын.
Жолды қар басып қалмауы үшін 957 арнайы техника дайындалды. Олар аудандарға климаттық ерекшеліктерге сәйкес бөлінді.
Төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қою үшін қосымша 185 мобилизациялық техника қарастырылған.
Өскемендегі күрделі учаскелерге көмекке жіберілетін қосымша 36 техника әзірленді.
Өмеш асуында, Тарғын, Егіндыбұлақ, Ұрұнхайка ауылдарында және Шемонаиха қаласында жүргізушілерге арналған жылыту пункттері жабдықталған.
«Әрбір пункт қыс кезінде жұмыс істеуге толықтай дайын білікті мамандармен, техникамен және жабдықтармен қамтылған», – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров.