
Өскемен қаласында Шемонаиха ауданы ұйымдастырған «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында мәдени, білім беру және қоғамдық іс-шараларға толы бағдарлама өтуде.
Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Гендерлік саясат және тең мүмкіндіктер» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада «Кітапхана және жасанды интеллект» кәсіби библиотуры өтті.
Арбатта «Жас көшбасшылар алаңы» атты Networking алаңы жұмыс істесе, Ертіс көпірінің астында «Fighting Club» спорттық бағдарламасы өтті. «Алтай» ОРЦ-де «Шемонаиха өнімдері: дәстүрлі сапа және жаңа серіктестік» атты бизнес-кейс ұсынылды. Жастар аудан әкімімен «Жастар – аудан дамуының тірегі» атты кездесуде ой алмасты. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Абай әлемі: рухани мұраға сапар» библиотуры өтті.
Күннің қорытындысы ретінде облыстық филармонияда ауданның жетістіктері көрмесі және «Туған жер – алтын бесігім» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Мереке атмосферасы аймақ тұрғындарын біріктіріп, жаңа идеялар мен шабыт сыйлады. «Туған жер – алтын бесігім» жобасы ұрпақтарды біріктіріп, мәдени мұраны сақтауға бағытталған.
Ал ертең, 20 қыркүйек күні, сағат 08:00-де «Алтай» ОРЦ алаңында қала тұрғындары мен қонақтарын азық-түлік жәрмеңкесі және «Туған жер – алтын бесігім» концерті күтіп тұр.