
Риддер қаласында 200 төсекке арналған стационар мен 500 келушіге арналған емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Нысанның құны 34,8 миллиард теңгені құрайды. 2024 жылы Арнайы мемлекеттік қордан 28,1 миллиард теңге бөлінді.
Құрылыспен «Элхон» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысып жатыр. Нысанның құны 34 миллиард теңгеден асады.
Аурухана кешеніне жалпы ауданы 40 106,84 м² болатын үш ғимарат кіреді, оған емхана (400 ересекке және 100 балаға есептелген, 5 блок, 4 қабат, дайындық деңгейі – 93%), стационар (5 блок, 3–5 қабат, дайындық деңгейі – 52%), ас блогы (1 қабат, дайындық деңгейі – 93%) кіреді.
Нысанда шамамен 260 адам және 11 техника бірлігі жұмылдырылған (емханада – 15 адам, стационарда – 200 адам, ас блогында – 10 адам, абаттандыруда – 35 адам).
Емханада жабдықтарды орналастыру жүріп жатыр, кіреберіс топ бойынша жұмыстар аяқталуда.
Стационарда сыртқы қабырғаларды қалау аяқталды. А блогында құрылысшылар терезе блоктарын орнатуды аяқтады, қабырғалар сырлауға дайындалды, жылыту радиаторларын орнату аяқталды, қазір кафель төсеу, ішкі желілерді монтаждау, сондай-ақ қасбетті орнату жұмыстары жүргізілуде.
Б блогында кафель төсеу және ішкі инженерлік желілерді, соның ішінде сумен жабдықтау, кәріз және жылыту желілерін монтаждау, сондай-ақ есік блоктарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Ас блогы ғимаратында әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жабдықтың бір бөлігі жеткізілді.
Сонымен қатар, іргелес аумақта бордюрлерді, тротуарларды және асфальт жамылғысының негізін орнату жұмыстары жүріп жатыр, асфальт төсеу басталды.
Жабдыққа келетін болсақ, емханаға 231 атаулы техника жеткізілді, тағы 170 жеткізушінің қоймасында тұр, 231 жолда. Жеткізу мерзімі – қыркүйек, қазан.
Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.