
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының үздік мамандары ҚР Премьер-Министрінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталғандар: Замира Бакенова - эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы (Өскемен), Магира Жунусбекова - санитарлық-гигиеналық бақылау бойынша жетекші маман (Ұлан ауданы).
Облыс әкімінің наградалары: Сауле Слямгазина, Евгений Пивоваров, Ардагер Чидербаев - ШҚО СЭБД басшысының орынбасарлары, Гүлнар Калибасова - тамақ объектілерін бақылау, Мария Тердыкбаева - бюджет және бухгалтерия, Арман Сагындыков - Өскемен қалалық басқармасы басшысының орынбасары, Шынар Қашкимбаева, Анар Смамагзумова - инфекцияларды бақылау, Альфия Касымканова - кадрлық қызмет басшысы, Назерке Шақантаева - мониторинг және тәуекелдерді бағалау, Виталий Руденко - өнеркәсіптік нысандарды бақылау, Назгүл Батталова - жоспарлау және талдау (Глубокое ауданы).
Өңір әкімі:
«Бұл сала – қоғам қауіпсіздігінің тірегі, халық денсаулығының кепілі. Сіздер тәулігіне, тіпті әрбір сағатта жұқпалы індеттердің алдын алып, қауіпті ошақтарды бақылап, азаматтардың амандығы үшін тынымсыз еңбек етесіздер. Табанды еңбектеріңіздің арқасында өңірімізде тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық ахуал сақталып, халықтың өмір сапасы артып келеді».
Нұрымбет Сақтағанов санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің еңбегі - бұл жауапкершілік, тәртіп пен кәсібилік екенін атап өтті. Өйткені дәл осы қасиеттер Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығына тікелей әсер етеді.