
Шығыс Қазақстан облысында мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен салтанатты құттықтау рәсімі өтті.
Бұл күн 7 қыркүйекте атап өтіледі, алайда вахталық жұмыс кестесіне байланысты мамандарды күтіп, оларға лайықты марапаттарын табыстау жөн деп шешілді.
Облыс әкімі мұнай-газ саласы өкілдерінің еңбегінің ерекше маңызын атап өтті. Олардың жұмысы энергетиканы дамытып, экономиканы нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
«Мұнай-газ саласы мамандарының күнделікті еңбегі үлкен жанкештілікті, тәртіп пен шеберлікті талап етеді. Сіздердің сенімділіктеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз – өңір мен елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының берік негізі», – деп атап өтті өңір басшысы.
Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы «QAZAQGAZ AIMAQ» ұжымына да ерекше алғыс айтылды. Олар Зайсан ауданындағы он елді мекенді тұрақты түрде газбен қамтамасыз етіп келеді.
Іс-шара аясында саланың үздік өкілдеріне марапаттар табысталды:
Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар:
• Аслан Қуанбекұлы — жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары;
• Серікбек Қызыр — электрогазбен дәнекерлеуші;
• Дулат Болатұлы Садуақасов — апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары.
KAZENERGY қауымдастығының Құрмет грамотасы Елдос Сайлаубекұлы Файзулинге — газбен жабдықтау және сату қызметінің маманына табысталды.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасы Ерасыл Бақытханұлына — электрогазбен дәнекерлеушіге берілді.
«QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасы Еркін Слямбекұлы Имановқа — кәсіпорын жүргізушісіне табысталды.
Облыс әкімі қызметкерлерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және Отан игілігі жолындағы жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.