Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша оқыту өтті

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша оқыту өтті

11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде келесі тақырыпта түсіндіру іс-шарасы өткізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Заңсыз қаржылық схемаларға тартудың алдын алу».

Іс - шара өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде бекітілген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының (ҮББ-4) жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Оқыту модулімен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік — құқықтық бөлімінің бас инспекторы, ҮББ-4 бойынша жобалау тобының жетекшісі Карпова Елена сөз сөйледі. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына қарасты кітапхана қызметкерлері қатысты.

Оқу барысында Елена Владимировна қатысушыларды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» үшінші жобасына назар аудара отырып, ҮББ-4 жобасының мақсаттары мен тапсырмаларын егжей-тегжейлі таныстырды.

Дропперизм (ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін жалған адамдарды пайдалану), дербес деректерді заңсыз тарату немесе беру, көлеңкелі транзакцияларға қатысу және басқа да қаржылық алаяқтық түрлерін қоса алғанда, заңсыз қаржылық схемаларға тартудың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Оқыту құқықтық сауаттылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарды қалыптастыруға және мәдениет қызметкерлері арасында азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігіне айналды.