ШҚО үстел теннис орталығында үстел теннисінен «Major Cup» атты ашық республикалық турнир ɵз мəзусiне жеттi

ШҚО үстел теннис орталығында үстел теннисінен «Major Cup» атты ашық республикалық  турнир ɵз мəзусiне жеттi

Турнир 9-10 қыркүйек күндері өтті және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 60-тан астам спортшыны бір алаңда біріктірді. Жарысқа ұлттық құраманың мүшелері мен ТМД елдерінен келген спортшылар да қатысты.

Матчтар тартысты өтті, ойындар өте әсерлі болды, нағыз спорттық атмосфера сезілді!

Қиын да қызу тартыстың нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

1 орын: Мошков Никита (Шымкент);
2 орын: Жуков Алексей (Шығыс Қазақстан);
3 орын: Жұбанов Санжар (Алматы).

Шығыс Қазақстан облысының басшылығы турнир жеңімпаздарын және барлық қатысушыларды құттықтады.

“Бүгінгі таңда біздің облыста үстел теннисімен 2000-ға жуық спортшы айналысады. Оның 400-і дәл осы Теннис орталығында жаттығады. Бұл - заманауи ғимарат. Мұнда спорт мектебі жұмыс істейді, оның тәрбиеленушілері республикалық жарыстарға қатысып жүр. Біз барлық жас ерекшеліктері мен спорт түрлеріндегі спортшыларды қолдауға тырысамыз. Бүгін өте қызықты ойын өтті, біз әрқашан әдемі спорт үшін жанкүйерміз. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, алда үлкен жетістіктер тілеймін”, - деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.