ШҚО Президент Жолдауындағы міндеттерді цифрлық шешімдер арқылы іске асыруда

ШҚО Президент Жолдауындағы міндеттерді цифрлық шешімдер арқылы іске асыруда

Бүгін Премьер-министрдің, министрліктер мен өңірлер басшыларының қатысуымен өткен кеңесте жасанды интеллекті енгізу және инвестициялық әлеуетті жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Шығыс Қазақстан нақты нәтижелерді көрсетті: туристерді есепке алу жүйесі QR-код арқылы енгізіліп, қонақтар үшін қолайлылықты, ал тұрғындар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Қазіргі уақытта 35 туристік топ (175 адам) тіркелді.

Жүйе нақты уақыт режімінде жұмыс істейді, талдау жасайды, 4 тілді қолдайды және тәжірибе жүзінде тиімділігін дәлелдеді.

Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған цифрландыру мен жасанды интеллекті негізгі салаларға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған нақты қадам.