ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Риддерге барды

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Риддерге барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарын Риддер қаласындағы 1968 жылы салынған No14 мектепті аралаудан бастады.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, 600-ден астам бала оқитын бұл мектеп көптен бері күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған. Жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланған. Бұл оқу орны – қаланың қақ ортасындағы маңызды білім ошағы. Сонымен қатар, Риддерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашақ мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 600 орындық жаңа мектеп ашылды.

Кең, заманауи жабдықталған оқу бөлмелері, асханасы, кітапханасы, акт залы бар жаңа мектеп оқушыларды Білім күнімен қарсы алды. Жаңа мектептің ашылуы риддерлік отбасылар үшін үлкен қуаныш және облыстың білім беру жүйесінің дамуына қосқан маңызды үлес болды.