Шығыс Қазақстандағы ауқымды құрылыстар

Шығыс Қазақстандағы ауқымды құрылыстар

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Бүгінде мемлекеттің көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетіп отырған көмегі зор. Осы мақсатта облыс көлемінде қарқынды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша көпбалалы отбасылар үшін құрылыс салушылар есебінен 209 жеке тұрғын үй, 398 пәтер құрылысы сатып алу құқығымен салынып жатыр.

– Осы санат үшін бүгінгі күні жалпы ауданы 12,7 мың шаршы метр болатын 144 пәтерлік 78 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Зайсан ауданында 8 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Бірінші желтоқсанға қарай қосымша сегіз үй салынады. Келесі жылы тағы 50 үйдің құрылысы жалғасады. Абай ауданында 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр, олар қараша айының соңына дейін аяқталады, - деді облыс басшысы.

Айта кетейік, өткен жылы 563 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Биыл 1047 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Қазіргі уақытта 379 отбасы жаңа үйлеріне қоныстанды.