ШҚО-дағы коронавируспен күрес шаралары

ШҚО-дағы коронавируспен күрес шаралары

ШҚО басшысы Даниал Ахметов толық жабдықталған 150 төсектік облыстық «Пульмонологиялық орталық» ғимаратының жөндеу жұмыстарын тексерді.

Шығыс Қазақстан жеті ай бойы COVID-19 індетімен күресіп келеді. Осыған байланысты облыс орталығындағы бұрынғы жедел медициналық жәрдем ауруханасына қысқа мерзімде күрделі жөндеу жүргізу қажет болды.

Бүгінгі күні жұмыстар 80% - ға орындалды. Бұл жерде 200-ден астам адам еңбек етеді. Мердігерлер жоғары жауапкершілікпен және қойылған міндетті сапалы орындауда. Медициналық жабдықтар мен жиһаздардың көпшілігі қазірдің өзінде орталыққа жеткізілген.

- Пульмонологиялық орталықта тек кәріс жұмыстарын жөндеу мен жабдықтарды жеткізу жұмыстары қалды. Қазірдің өзінде жабдықтарды қоймаға жеткізіп жатыр, - деп атап өтті Д. Ахметов.

Екі айдың ішінде құрылысшылар ғимараттың сәулет өнерін сақтай отырып, ішкі жұмыстарымен қоса, қасбетті жаңартты. Сондай-ақ, әрбір палата оттегі розеткаларымен жабдықталады. Орталықта пульмонологтар да, инфекционистер де жұмыс істейтін болады. 35 төсектік реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері қызмет көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметовтың айтуы бойынша, күзгі-қысқы кезеңде короновирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны арту ықтималдылығына байланысты өңір бойынша 6000 төсек-орын дайындалды. Қосымша 5 ПТР-зертхана және 3 КТ кабинет ашылады. Ауыр науқастар үшін иммундық плазманы дайындау жұмыстары жүргізілуде. 1484 доза дайындалды, бұл жалпы республикалық көлемнің 47% құрайды.

Облыс басшысы COVID-19 вирусымен ауырған өңір тұрғындарын белсенді қан тапсыруға және антидене деңгейін тексеруге шақырады.