Кәсіби мереке қарсаңында Шығыс Қазақстанда үздік педагогтар марапатталды

Кәсіби мереке қарсаңында Шығыс Қазақстанда үздік педагогтар марапатталды
Мұғалім – мектептің жүрегі. Олар өскелең ұрпақтың бойына сапалы білім нәрін сіңіріп, тәрбие беріп, болашақта дұрыс бағыт-бағдар жасауына көмектеседі. Кәсіби мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында биыл ерекше көзге түскен педагогтарды онлайн-марапаттау рәсімі өтті.
Жыл сайынғы «Үздік педагог» конкурсына биыл мектепішілік деңгейде 5 мыңнан астам мұғалім қатысты, оның ішінде 500 адам конкурстың аудандық кезеңдерінде іріктеуден өтті, облыста 20 адам өзінің үздік жетістіктерін көрсетті, оның ішінде облыстық кезеңнің жеңімпаздары атарған 6 педагог республикалық конкурста Шығыс Қазақстанның атынан бақ сынады.
"2020 жылдың үздік педагогы" республикалық байқауында жеңімпаз атанған өңірдің төрт оқытушысы марапат ретінде 2,7 млн теңге сомасында сертификаттарға ие болды.
Өңір басшысы Даниал Ахметов оқытушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мұғалім мамандығының маңыздылығына тоқталып өтті.
- Мұғалім мамандығы әлемдегі басқа мамандықтармен еш салыстыруға келмейді. Себебі, Сіздер балардың алдында білім әлеміне жол аша отырып, ересек өмірге дайындай отырып, олардың, яғни тұтас бір елдің болашағының негізін қалап отырсыздар, – деді ШҚО әкімі оқытушыларға.
- Пандемия мұғалім еңбегінің қаншалықты маңызды және құнды екенін және балаларды өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауға және өз таңдауы үшін жауап беруге үйрету, оларды жаңа Қазақстанның лайықты азаматтары етіп тәрбиелеу үшін әрбір мұғалімге өз шеберлігін ұдайы жетілдіріп, оқытудың жаңа құралдары мен әдістемелерін меңгерудің қаншалықты қажет екенін көрсетті.
Салтанатты онлайн-марапаттау рәсімі барысында Даниал Ахметов "2020 жылдың үздік педагогы" конкурсының облыстық кезеңінің екі жеңімпаз оқытушыларына 800 мың теңге сомасында сертификаттар табыс етті.
Жыл сайын облыс оқушылары халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Өңір басшысы биыл халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған алты оқытушының жоғары кәсібилігін атап өтіп, оларға 500 мың теңге ақшалай сертификаттар, сондай-ақ алғыс хаттар табыс етті.
Облыс әкімінің 300 мың теңге көлеміндегі сыйлығы түріндегі марапаттарды бастауыш сыныптардың үздік үш оқытушысы алды. Сонымен қатар, облыстың үздік педагогтарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың құрмет грамоталары табыс етілді.
Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі "Үздік педагог 2020" республикалық конкурсының жеңімпаздарының бірі Наталья Мельникова Шығыс Қазақстан әкіміне республикалық кәсіби шеберлік конкурсында өңір атынан өкілдік ету құрметі үшін алғыс білдірді.
– Бұл әр мұғалім үшін ең жоғары марапат. Осы мүмкіндікпен жаңа жетістіктерге ұмтылғым келеді. Биыл біз "Педагог мәртебесі туралы" Заңның қабылдануына байланысты білім беру жүйесіндегі нақты өзгерістерді көріп отырмыз. Бұл жалақыны кезең-кезеңімен арттыру түріндегі материалдық жоспардағы оң өзгерістер, сондай-ақ педагогтарды кәсібилік деңгейін арттыруға ынталандыру, педагогтердің қоғамдағы беделін арттыру. Шығыс Қазақстанның білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін өңір басшысына алғыс айтамын. Әріптестеріме жаңа жетістіктер, үлкен бақыт тілеймін.