
2015 жылдан бастап Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізді.
Ағымдығы жылы эпидемияға қарсы шараларды сақтау қажеттілігіне байланысты Өскемендегі семинар қашықтан форматта өтті.
29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында семинарға 80 маман қатысты. Соның ішінде мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының, сынақ зертханаларының, Өскемен мен Семей қалаларының зауыттары, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері кірді.Үш күн ішінде семинарға қатысушылар танымал салалардағы заңнаманың талаптарыннегізгітақырыптары:- стандарттау саласындағы заңнама, сонымен қатар оны мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде практикада қолдану, отандық өнімнің сапасын арттыру
Тыңдаушыларға стандарттардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру, өнімді сәйкестендіру процедурасы туралы толық түсіндірме берілді. Бұл тақырыптың маңыздылығы мемлекеттік сатып алуларда ұлттық стандарттарды қолдану отандық өндірушілердің нарыққа жылжуын, жеткізушілер мен тапсырыс берушілер арасындағы қатынастардың ашық реттелуін қамтамасыз ететіндігімен байланысты.
Семинар достық қарым-қатынас түрінде өтті, нәтижесінде қатысушылар «ҚазСтИн» РМК интернет жүйесін жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар берді.
Нәтижесінде тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар алды және алынған білімдерді одан әрі практикалық қолданудағы маңыздылығын атап өтті.