Құрметті ардагерлер! Қадірменді аға ұрпақ өкілдері!

Құрметті ардагерлер! Қадірменді аға ұрпақ өкілдері!

Баршаңызды қастерлі мереке - Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлағат пен шапағат мейрамы, Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат сыйласын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біз аға ұрпақтың абыройлы істерін одан әрі жалғап, кейінгі ұрпақ жаңылмай жүретін жол саламыз. Ол – тәуелсіз Қазақстанды гүлдендіру, өркендету және дамыту жолы» деген қанатты сөзі бар.
⠀
Бүгінгі Қазақстанның барлық ауқымды табыстары мен айтулы жеңістері - Сіздер негізін қалаған, бірлік пен ынтымақтың арқасы. Алдыңғы буын өкілдерінің қайталанбас ерліктері мен үлгі-өнегесінің нәтижесі.