
Жыл сайын қаламыз көркейіп, көрікті орындар көбейіп келеді. Атап айтқанда, Михаэлиса көшесіндегі жасыл желектері бар заманауи, қауіпсіз жол, 19 ықшам ауданындағы әсем де жайлы аллея, жаңартылған «Алтай» стадионы, «Зерек» шығармашылық білім беру орталығы, Ахмер ауылында жаңадан салынған №49 мектеп, Қалихан Ысқақ көшесінде бой көтерген балабақша сияқты нысандар қала тұрғындарының көзайымына айналған.
– Мен жаңа объектілерге қала тұрғындарының көңілі толып, мәз-мейрам болғандарына қуаныштымын! – деді өз кезегінде облыс басшысы Даниал Ахметов.
Жайлы, жаңа аулалар
Облыс орталығындағы Михаэлиса көшесінің абаттандыру жұмыстары аяқталды. Көше бойындағы төрт тұрғын үй тұрғындары (оның ішінде 450 бала) балаларға арналған ойын және спорт алаңында алаңсыз демалуда. Барлығы қауіпсіз, жағымды түстермен сапалы жасалған. Бастысы, таза және жинақы. Себебі, ауланың тазалығы үшін арнайы мамандар мен қоса, тұрғындар да қол ұшын тигізеді. Сонымен қоса, автотұрақ кеңейтілді, көшелер жарықтандырылды, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
– Биылғы жылы Өскемен қаласында 55 аула жөндеуден өтті. Оларға арнайы жабылғымен жабылған ойын және спорт алаңдары, автотұрақтар жасалынды, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Жаңартылған Алтай
Карантиндік іс-шараларға байланысты әлем спорты тоқтап қалса да, өскемендіктердің сүйікті орны - «Алтай» стадионының жөндеу жұмыстары тоқтамады. Қазіргі таңда Өскемен қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де футбол алаңы жаңартылып, ғимарат едені ауыстырылып, екі киім ауыстыратын бөлмелер жасақталды. Арнайы жабылғымен жабылған спортшылар жүгіретін жолдар жасалынды.
– Жүгіру жолдарын 5 жолаққа дейін көбейту керек. Ал, қыста бұл жерге тегіс, сапалы мұз құю керек. Басқа аудан тұрғындары стадионда демалыстарын жақсы өткізу үшін орындықтар қойылсын, - деп тапсырма берді Даниал Ахметов.
Жас ғалымдар
Енді облыс орталығының ата-аналары балаларын күрделі жөндеуден өткен жаңартылған Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер бекеті» МКҚК әкеледі. Сондай-ақ, ғимаратта «Зерек» шығармашылық даму орталығы пайда болды, онда мектеп оқушылары жаңа бағыттар бойынша оқи бастайды. Мысалы: бағдарламалау, пилотсыз ұшу аппараттары, робототехника, STEAM модельдеу.
– Шығармашылық орталыққа балалар IT технологияларды үйренуге және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін ең заманауи жабдықтар сатып алынды. Сонымен қоса, бұл жерде өте шығармашыл жастар жұмыс істейді.
Бақытты балалық шақ
Қалихан Ысқақ атындағы көшедегі 250 балаға арналған балабақша құрылысы аяқталды.
– Бұл біздің кәсіпкерлеріміздің әлеуметтік бағдарламаларға өз қалталарынан көмек көрсететінінің айқын көрінісі. Біз өз тарапымыздан мұндай нысандарды экономикалық тұрғыдан тиімді ету үшін бәрін жасаймыз, - деді Даниал Ахметов.
Жаңа мектеп
Ахмер ауылында №49 мектеп салынды. Білім орталығы толығымен заманауи жиһаз, жабдықтармен жабдықталған. Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт, жаттығу залы бар. Сондай-ақ, кітапхана, түрлі үйірмелер; робототехника, радиотехника, гидропоника, домбыра, хореография, шахмат, шашки, волейбол және таэквондо бар.
– Ескі мектепте оқушылар 3 ауысыммен оқыды. Ал, бұл мектепте кең кабинеттер, акты залы, асхана мен спортзал бар. Балалар жайлы, кең жерде алаңсыз білім алуға, қосымша үйірмелерге қатысуға бар жағдай жасалынған, - деді облыс басшысы Даниал Ахметов.
19 ықшам ауданындағы игі іс
19 ықшам ауданындағы жаңа аллея қала тұрғындарының сүйікті орындарына айналған. Жуық арада бұл жерде ҰОС батыры Қасым Қайсеновқа арналған ескерткіш орнатылады.
–Аллея қасынан саябақ салу қажет. Сонда бұл жер одан әрі ажарлана түспек. Жанында негізгі құрылыс алаңы «Гематология орталығы» болады. Орталық қан ауруларын диагностикалау мен емдеумен қатар, қан ауруларының алдын алу және гематологиялық науқастарды оңалту мәселелерімен айналысады, - деді Даниал Ахметов.