ШҚО-да көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында велоспорттан ҚР VII спартакиадасы өтеді

ШҚО-да көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында велоспорттан ҚР VII спартакиадасы өтеді

Өскемен қаласында алғаш рет көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында велоспорттан Қазақстан Республикасының VII спартакиадасы өтеді.
Өтетін күні, уақыты және орны: 28 маусым, басталуы – сағат 10:00-де, О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі, Сәтпаев даңғылы, 82/2.
Іс-шара 26-30 маусым аралығында өтеді. 28-29 маусым – жарыс күндері, 29 маусым күні сағат 10:00-де спартакиаданың жабылу салтанаты өтеді.
Жарысқа алты облыстан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан келген 33 спортшы қатысады.