ШҚО құтқарушылары жазғы демалыста балалар үшін қауіпсіздік сабақтарын өткізді

ШҚО құтқарушылары жазғы демалыста балалар үшін қауіпсіздік сабақтарын өткізді

Ата-аналар балаларын жазда демалыс лагерлеріне жібереді. Демалыс тиімді және қауіпсіз өтуі үшін ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлері арнайы шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.
Балалар кедергілерден өтіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, суға батып бара жатқан адамды құтқарып, өрт сөндіру тапсырмаларын орындады. Балаларға бұл қызық әрі төтенше жағдайлардағы әрекет дағдыларын меңгеріп, білімдері артты.
Есте қаларлық сәттердің бірі – балалар кинологиялық қызметтің Лабрадор тұқымдас құтқарушы иті Хитпен танысты.
ШҚО ТЖД қызметкерлері түрлі викторина, байқау, жарыстар арқылы ұлдар мен қыздарға табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде не істеу керектігі үйретілді.
ТЖМ қызметкерлері мұндай сабақтарды енді әр жазғы демалыста өткізіп отырады.