ШҚО делегациясы Huawei деректерді өңдеу орталығында болып, цифрлық технологиялар саласындағы үздік тәжірибемен танысты

ШҚО делегациясы Huawei деректерді өңдеу орталығында болып, цифрлық технологиялар саласындағы үздік тәжірибемен танысты

Цифрлық технологияларды дамыту және ынтымақтастық форумы аясында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайдағы Huawei компаниясының деректерді өңдеу орталығында болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің өкілдерімен бірге делегаттар жасанды интеллект, үлкен деректер, бұлтты технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік бағыттарындағы озық шешімдермен танысты.

Делегация цифрлық трансформацияның нақты мысалдарын көрсететін жобалар мен инфрақұрылымдарға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Қарамай қаласының ғылыми-техникалық павильонында экскурсия ұйымдастырылып, ИИ және IT саласындағы жаңа әзірлемелер ұсынылды.

“KAB Systems” ЖШС директоры Ануар Құсайынов форумның Қазақстанның технологиялық дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті:

«Біздің “KAB Systems” ЖШС компаниямыз өнеркәсіп секторы үшін жасанды интеллект пен үлкен деректерді қолданатын жобаларды жүзеге асырып келеді. ABAI сериялы қазақстандық цифрлық газоанализаторлардан алынған үлкен деректер негізінде инциденттерге алдын ала талдау жасайтын интеллектуалды ақпараттық жүйеміз ШЫҰ елдерінің тәжірибесін қолдана отырып жұмыс істейді.
Алда — есептеу қуаттарын дамыту бағытындағы келелі жұмыстар тұр. Жасанды интеллект пен есептеу инфрақұрылымын жетілдіру үшін күш пен ақыл-ойды жұмылдыру қажет. Есептеу қуаты — цифрлық трансформацияның маңызды көрсеткіші».

Қытайдың цифрлық индустриясындағы ірі нысандарға сапар шегу делегаттарға инновациялардың нақты іске асуын көруге және цифрлық технологиялар мен ИИ саласында ынтымақтастық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар халықаралық байланысты нығайтып, ШЫҰ елдерінде озық шешімдерді енгізуге негіз қалайды.