Шығыс Қазақстанда «Казцинк» қолдауымен гинекологиялық бөлімше жаңартылды

Шығыс Қазақстанда «Казцинк» қолдауымен гинекологиялық бөлімше жаңартылды

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығында гинекологиялық бөлімшенің күрделі жөндеуі аяқталып, емделушілерге арналған жағдай айтарлықтай жақсартылды. Жобаны іске асыруға «Казцинк» компаниясы қолдау көрсетіп, жөндеу жұмыстарына 180 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.
Жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың қаңтар айында басталып, бірнеше айдың ішінде бөлімше толықтай жаңартылды. Қазіргі таңда мұнда заманауи операциялық, қарап-тексеру және УДЗ кабинеттері, медбике посты мен буфет жабдықталған. Палаталарда санитарлық тораптар, медицина қызметкерлерін шақыру түймелері, жеке жарықтандыру, мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған розеткалар және түнгі жарық орнатылған.
Жаңа бөлімше 30 төсектік тәулік бойы жұмыс істейтін және 10 төсектік күндізгі стационарды қамтиды. Мұнда Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген әйелдер шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек ала алады.
– Біз бұл жобаның маңыздылығын жақсы түсінеміз, – деді «Казцинк» әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев. – Біздің мақсат – емделушілерге жайлы жағдай жасап, сапалы медициналық қызмет көрсету. «Казцинк» өңірдегі денсаулық сақтау саласын қолдауды жалғастыра береді.