ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің комплаенс-офицерлеріне оқыту семинарын ұйымдастырды

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің комплаенс-офицерлеріне оқыту семинарын ұйымдастырды

Квазимемлекеттік секторда «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету және комплаенс-қызмет мамандарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің комплаенс-офицерлеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының атынан мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Елена Карпова баяндама жасап, ҮББ-4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалық басқару аясында комплаенс-қызметтердің жұмыс істеуінің негізгі аспектілеріне тоқталды. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді басқару және бақылау процестеріне енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі офицері Серік Смағұлов та баяндама жасап, комплаенс-қызметтердің даму кезеңдері, олармен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдері және олардың қызметін үйлестіру мен бағалау жүйесі туралы кеңінен түсіндірді. Әлеуметтік сала ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сүйемелдеу тәжірибесіне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы инфрақұрылымды нығайтуға және адалдық пен заңдылық қағидаттарының сақталуына жауапты мамандарға қажетті әдістемелік қолдау көрсетуге ықпал етеді.