
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, ТНБ-4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалар тобының жетекшісі Марқакөл мен Үлкен Нарын аудандарының әкімі аппараттарының қызметкерлері үшін ТНБ-4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жобалар картасы аясында 2025 жылға арналған тапсырмаларды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Сондай-ақ, семинарға ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдері де қатысты.
Семинарда 2025 жылы ТНБ-4 жобасын уақтылы және сапалы іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке алғаш рет кіргендердің «Documentolog» АЖ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-курстан өз бетінше өту мәселелері қарастырылды.