ШҚО-да туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық жүйе таныстырылды

ШҚО-да туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық жүйе таныстырылды

Катонқарағай ауданында өткен “Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі” фестивалі аясында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп әзірлеген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа цифрлық жүйені таныстырды.

Аталған жүйе шеңберінде туристік бағыттарда, қонақүйлерде және визит-орталықтарда арнайы QR-кодтар орналастырылған. Туристер бұл кодты сканерлеп, бағыты, жүру мерзімі және байланыс деректері бойынша онлайн-форманы толтырады. Бұл ақпарат бірден ШҚО ТЖД жедел басқару орталығына түседі. Қажет болған жағдайда құтқарушылар жедел әрекет етіп, көмек көрсете алады.

Маршрут аяқталған соң турист жүйеден өздігінен тіркеуден шыға алады немесе құтқарушылардың бақылау қоңырауын күтеді.

Жүйе төрт тілде – қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жұмыс істейді. Фестиваль барысында бұл жүйені алғаш болып Германиядан келген шетелдік қонақтар пайдаланып көрді. Олар көрсетілген қызметтің жоғары деңгейін атап өтті.

“I feel very safe here. People are very friendly” – деді туристердің бірі өз әсерімен бөлісіп.

Ұйымдастырушылар «қонақтарымызды қуанышпен қарсы аламыз және олардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасау – басты міндетіміз» дейді.