Шығыс Қазақстанда ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен МЖС аясында іске асырылатын жобалар қарқынды жүзеге асырылуда

Шығыс Қазақстанда ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен МЖС аясында іске асырылатын жобалар қарқынды жүзеге асырылуда

«Өңірлерді дамытудың» жаңа бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан жоғары технология мен ғылымды қажет ететін өндіріс орталығына айналуы тиіс.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан металлургия саласында жетекші рөл атқарады. Қазіргі уақытта өңірде ғылым мен өндірістік жұмыстарды дамытуға байланысты үлкен жұмыстар атқарылуда.

Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аясындағы жобалар жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба барысында ірі кәсіпорын базасының бірінде тантал импланттары өндіріліп, заманауи медицинаға қажетті техника жасалады.

Бұл Шығыс Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ шекаралық аудандарды дамытып, аталмыш аумақтарды инвестиция тарту орталықтарына айналдыруға баса назар аударылып отыр.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан бірнеше жыл бойы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бойынша көш бастап келеді. Осы мақсаттағы жұмыстар өңірде Президенттің Жолдауы бойынша жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында мектепке дейінгі мекемелерді салу ісі қарқынды жүргізілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, балабақша кезегін азайтуға мүмкіндік беріп отыр.