Шығыс Қазақстан облысы қарқынды дамып келеді және халықтың әл-ауқатын арттыра отырып, экономиканың даму қарқынын арттыру үшін барлық алғышарттар бар. Сонымен қатар, аймақтың ерекше орналасуы оның елдің саяси, қоғамдық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше рөлін анықтайды.
Шығыс Қазақстан экспорттық түсімнің едәуір үлесін қамтамасыз ететін Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен байланыстырушы буын болып табылады.
Облыстың экономикалық дамуының басымдығы бәсекеге қабілетті экономика құру және өңір ресурстары мен ел дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып, халықтың өмір сүру сапасының жоғары стандартын қамтамасыз ету болып табылады.
Облыста ұзақ мерзімді дамуға және жалпыұлттық міндеттерді шешуге ықпал ететін бірқатар стратегиялық резервтер бар:
- өңірдің Түсті металдарды өндіру мен терең өңдеудің, металлургия саласындағы технологияларды әзірлеу мен тәжірибелік пысықтаудың ірі орталығы ретіндегі рөлін күшейту;
- инвестициялық тартымдылыққа, ішкі және сыртқы нарықтардың сыйымдылығын ұлғайтуға, жаңа технологияларды енгізуге, шикізат секторынан дайын өнім өндіруге көшуге ықпал ететін жер қойнауын пайдалану сегментін кеңейту;
- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бірінші кезекте Қытай нарығына экспорттық әлеуетті кеңейту үшін агроөнеркәсіптік кешен сегментін дамыту;
- ішкі сұранысты қанағаттандыру және электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдану есебінен энергия қауіпсіздігін нығайту;
- туристік әлеует - ұзақ мерзімді перспективада Шығыс Қазақстанның инновациялық дамуының құрамдас бөлігі, ұлттық экономиканың экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз саласы.
Осы резервтерді пайдалану жыл сайын жалпы өңірлік өнім көлемін орта есеппен 3-4% – ға арттыруға мүмкіндік береді.