2019 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Абай атындағы драма театры Бородулиха, Камышинка ауылдарында Абайдың 175-жылдығына арналған «Өмірді өнерменен өрнектеген...» лекция-концерт өткізді, қатысқандар саны– 120 адам.
Аймақтық элективті «Абайтану» курсын екі педагогикалық колледждерде енгізу.
Берілген жоспар аясында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК және «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК-де 0111000 Негізгі орта білім беру мамандығы, 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенттеріне 36 сағат көлемінде аймақтық элективті «Абайтану» курсын енгізілді.
Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының абайтанушы ғалымдарымен бірлесе жұмыс жасай отырып, «Абайтану» курсы бойынша авторлық аймақтық бағдарлама мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-8 сыныптарында «Абайтану» курсын енгізу үшін жоғары оқу орындарының ғалымдары мен облыс педагогтары жұмыс тобының қатысуымен «Абайтану» курсының аймақтық бағдарламасы әзірленді және облыстық білім басқармасы жанындағы сараптамалық кеңеспен бекітілді.
2019 жылдың желтоқсан айында өңірлік бағдарламаны әзірлеу кезінде құрамында 6 адамдық жұмыс тобы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Абай ғылыми-зерттеу орталығына және қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатына барды.
Жұмысшылар тобы сапар барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология ғылымдарының докторы, профессор А. М. Қартаевамен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мұражайында кездесті. 2019-2020 оқу жылының 3-тоқсанынан бастап енгізілетін жалпы білім беретін мектептердегі «Абайтану» бағдарламасының 5-8 сыныптарындағы тезистерін талқылады.
2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде енгізілді.
«Абайтану» курсын оқытудың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің биік шыңы Абай Құнанбаев пен оның ақындық шеберлігі, шығармашылық даналығы және қайталанбас өзіндік ерекшелігімен таныстыру болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сыныптарында «Абайтану» аймақтық элективті курсын енгізу.
2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап 5-8 сыныптарға арналған "Абайтану" курсы облыстың негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерінде енгізілді.
«Абайтану» курсын оқытудың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің биік шыңы Абай Құнанбаев пен оның ақындық шеберлігі, шығармашылық даналығы және қайталанбас өзіндік ерекшелігімен таныстыру болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысындағы тіл оқыту орталықтарының арасында ағымдағы жылдың 13 қаңтарынан- 13 ақпанына дейін «Әнді сүйсең, менше сүй...» тақырыбында Абайдың әндерін орындаудан эстафета ұйымдастырылды.
«Абай әлемі» іс-шаралары шеңберінде оқу-тәрбие қызметінің түрлі нысандарын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
2020 жылы 8 қаңтарда ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Абай әлемі» іс-шарасы аясында оқу-тәрбие іс-әрекетінің әр түрлі нысандарын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеп, аудандар мен қалалардың білім бөлімдеріне, облыстық білім беру ұйымдарының директорларына жолданды.
Мақсаты: облыс мектептерінің педагогикалық ұжымдарын «Абай әлемі» онкүндігін өткізу әдістемесімен қамтамасыз ету.
21 қаңтар күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Үржар ауданындағы филиалында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жүректе қайрат болмаса» атты кеш өткізілді, қатысқан адам саны - 50.
22 қаңтар күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Абай ауданы Қарауыл ауылындағы филиалында Ұлы Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл толуына орай «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты дәріс өтті. Абай атындағы мектеп-лицей мұғалімдері мен 8 сынып оқушылары – 25 адам қатысты.
22 қаңтар күні ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» тақырыбында қаладағы № 3-ші «Читающий трамвай» көлігінде кітапханалық акциясын өткізді. Акция Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналып трамвай жолаушыларына Абай шығармашылығы туралы мол мағлұмат беріп, Абай әндері шырқалды, қатысқан адам саны -105.
2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес «Абайтану» кабинеттерін жабдықтау.
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ҚР БҒМ №05/95 хатын басшылыққа ала отырып, 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес «Абайтану» кабинетін жабдықтау бойынша 6-тармақтың орындалуы туралы аудандық, қалалық, білім бөлімдерінің басшыларына, облыстық білім беру ұйымдарының директорларына хат жолданды.
Қазіргі таңда қала мен аудан, облыс мектептерін жалпы қосып айтқанда 65 мектепте «Абайтану» кабинеті жабдықталып, наурыз айында ресми салтанатты ашылу рәсіміне дайындық жүргізілуде.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарының 13-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының 2 педагогикалық колледжінде «Абайтану» дәрісханалары ашылды. Дәрісханалар интербелсенді тақтамен, соңғы модификациядағы ноутбукпен, оқытушының жұмыс істеуіне арналған компьютермен, принтермен, жұмыс орнымен жабдықталған. Дәрісханаларда 30 жұмыс орнына есептелген 15 оқушы үстелі бар.
Кабинетте «Абайтану» элективті курсын оқытуға арналған курс жоспары, дәрістер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар, қағаз және электронды тасығыштағы қосымша материалдар, үлестірме және дидактикалық материалдар сияқты оқу-әдістемелік кешендер жинақталған.
22 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, «Қазақ Инновациялық академиясының» студентері үшін «Абай әлемі» кітаптар топтамасы-2019» әдеби экспозиция ұйымдастырды.
Әдеби экспозицияға ұлы ақын шығармаларымен қатар, ақын шығармашылығына арналған зерттеу еңбектерімен қатар, 2018, 2019 жылдары «Абай әлемі» кітаптар сериясымен шыққан кітап авторларының фотопортреттері мен кітаптары қойылды.
Екінші бөлімде танымал, талантты жерлестеріміз Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Жұмақ күн», Қалихан Алтынбаевтың «Қайран өмір…», Көпен Ерқасовтың «Елім менің», Айтмұхамбет Қасымовтың «Туған жер әуендері», Бақытжан Раисованың «Желдің күн беті», Станислав Черныхтың «Неутомимый краевед Рудного края», Мерей Қарттың «Қарашықтағы құбылыстар» , Бауыржан Игілік пен Қызырбек Дүргінбайдың шығармалары және қаламыздың отыз сегіз, жас қаламгерлерінің шығармашылығынан құралған «Жастықтың оты жалындап» атты жинақтары қатысушылар назарына ұсынылды.
Серияның мақтанышы - жүз жыл бұрын жарияланған Батыс Сібір Орыс Императорлық Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесі мүшелерінің ХІХ-ХХ ғасырлардағы бірегей зерттеулер жинағы. Оған қаламыздың өлкетану тарихында өз ізін қалдырған көптеген танымал зерттеушілердің еңбектері енді.
22 қаңтар күні Абай атындағы драма театры М. Әуезовтің «Абай. Айдар - Ажар» инсценировкасын қойды, қатысқандар саны – 500 адам.
22 қаңтар күні А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Абайды оқимыз» атты облыстық акциясы өткізілді. Қатысқан адам саны – 700 адам
23 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада Президент Қ.Ж.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талқылау мақсатында қала кітапханашылары мен технологиялық колледждің студенттерінің қатысуымен экспресс-мінбе ұйымдастырылды.
Шараға Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің философия ғылымдарының кандидаты, профессор Түйебаев Махмұт Мамырбекұлы шақырылып, Президет мақаласының негізгі идеяларын нақтылап, ел Президентінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласының маңыздылығын түсіндірді. Абайдың ұлттық бірегейлік, мемлекет және әлеуметтік даму идеяларын ілгерілетудегі тарихи рөліне баса назар аударды. Ұлттық болмыстың үлгісі жайлы пікіріңіз бен дүниежүзілік сипат алған теріс тенденция – популизм туралы ойыңыз деген қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қатысушыларды алдағы уақытта ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмекші болып отырған данышпан ақынға арналған шараларға қатысып, рухани дүниемізді кеңейтуге шақырды.
Іс-шара «Абайдың баға жетпес мұрасы» және «Абай әлемі» атты кітап көрмесімен толықтырылды. Абай шығармашылығына байланысты кітаптар мен Абай мұрасын түрлі тілдерде насихаттайтын кітаптар және 2018-2019 жылдары «Абай әлемі» кітаптар топтамасы бойынша жарық көрген басылымдарға шолу жасалды. Қатысқан адам саны -85.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізуге байланысты облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес колледждерде Абайтанушы ғалымдарды қатысуымен өткізілген "Хакім Абай даналығы" атты шолу дәрісі туралы мәлімет
22 қаңтар еліміздің астанасында Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу ресми түрде ашылғаны көпшілікке мәлім. Бұл дәстүр бүгін Семей қаласының да білім мен мәдени ошақтарында жалғасын тапты.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде де Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай «Хакім Абай даналығы» тақырыбында абайтанушы ғалымдардың қатысуымен дәріс өткізілді.
Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері А.С.Еспенбетов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Тыныштықбек Әбдікәкімұлы және жалпы білім беретін мектептердің 9-11-сыныптарына арналған «Абайтану» курсының авторы Г.А.Қунафина хакім Абайдың әлем мәдениетіне қосқан үлесі мен әдеби мұрасы туралы дәріс оқыды. Дәріске қатысқан ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапхана және мұражай қызметкерлері халқымыздың еш уақытта маңызын жоймайтын аса құнды рухани мұрасы болып табылатын ұлы Абай шығармашылығын жаңаша пайымдап, ғылым мен қоғамдық сананың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан зерделеп, ақынның шығармашылығы туралы пікір алысты.
Қазақтың бас ақынының баға жеткісіз тағлымдары мен терең ойының, асыл мұратының әлемдік өркениет пен еліміздің дамуына қосатын үлесі жан-жақты сараланды.
Аталмыш шара аясында «Абай – дана, Абай – дара» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Абай Құнанбайұлының осы кезге дейін жарық көрген барлық шығармалары мен ақынның шығармашылығына арналған барлық ғылыми еңбектер оқырман назарына ұсынылды.
Дәріспен Семей қаласының колледждерінің 2000 студенті қамтылды.
Жас ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттап, Абайдың өшпес мұралары жайлы қанша айтылса да артықтық етпесі анық. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады Ұлы той аясында колледжіміздің жоспарлаған ауқымды басқа да іс-шаралары халқымыздың біртуар перзентіне деген зор құрметі мен махаббаты арқасында өз деңгейінде өтеді деп сенеміз.
23 қаңтар күні ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Үміт» балалар үйінде «Абайды оқы, таңырқа!» поэзия кешін өткізіліп, балалар Абай өлеңдерін жатқа оқыды, «Сөйлейтін картиналар» айдарында балалар А.Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне, табиғатқа, махаббатқа арналған өлеңдері бойынша суреттер салады. Қатысқандар саны – 50 адам.
24 қаңтар күні Абай атындағы облыстық драма театрында Абайдың 175-жылдығына арналған Абай Құнанбаевтың «Бес нәрсе» спектаклі қойылды, қатысқандар саны – 500 адам.
28 қаңтар күні Риддер тарихи-өлкетану музейінде «Абай и его современники» атты көрме және осы тақырыпта дәріс-эскурсия өткізілді. Көрмеге суретші Ю.Хабаровтың Абай шығармашылығы бойынша салынған акварелді картиналары бойынша экскурсия жүргізілді. Қатысқандар саны – 50 адам.
5-11 сынып оқушылары арасында «Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы»» атты облыстық эссе байқауын өткізу
2020 жылдың 31 қаңтарында 5-11 сынып оқушылары арасында «Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы» атты облыстық эссе байқауы өтті.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 200-ге жуық оқушысы қатысты.
Байқаудың мақсаты –оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, Абай шығармаларының жас ұрпақ үшін маңыздылығын көрсету.
Байқаудың білікті қазылар алқасы оқушылардың жұмысын келесі критерийлер бойынша бағалады: идеялардың түпнұсқалығы, мәселенің мәнін ашу, мәселенің өзектілігін көрсету, аргументтердің болуы, тәуелсіздік және жеке тұлғаның көрінісі.
Байқаудың нәтижесінде 3 жас категориясы бойынша 81 орын анықталды: 1 орын - 11; 2 орын - 14; 3 орын - 56.
Ақпан.Республика көлемінде «Абай өлеңдері» атты өткізіліп жатқан челленджге қатысып, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жолдаған челлендж эстафетасын 6 ақпанда қабылдап алып, эстафетаны Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жолдады.
2 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері № 5511 әскери бөлімнің әскери жауынгерлері мен қызметкерлеріне ақын, философ Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Әлем таныған Абай» тақырыбында жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме 5 бөлімнен тұрады: «Абай кітапханада», «Абай бейнелеу өнерінде», «Абай және музыка», «Тас мүсіндегі Абай», «Абай әлемі» кітаптар топтамасы.
Тыңдаушыларға кітапхананың тарихы жайында, Абай кітапхананың тұрақты оқырманы болғаны жөнінде және жер аударылған революциялық демократтармен таныстығы туралы мол ақпарат берілді.
Абайдың бейнелеу және музыкалық өнердегі бейнесін Қазақстанның көптеген атақты суретшілері: Ә. Қастеев, А.П. Аткнин, Е. Сидоркин т.б. қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен танысты.
2020 жылғы 6-8 ақпан күндері Абай ауданының Қарауыл ауылында «Бүркітшілер сайысы» атты ұлттық спорт түрінен республикалықтурнир өтті. Турниргереспубликаның әр өңірінен келген 50-ден астам бүркітшілер қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша І орынды Ермұхан Бейетбай (Алматы облысы),. ІІ орынды Алмас Сейтжан (Алматы облысы), ІІІ орынды Арман Қошқаров (Атырау) және Нұман Қайдарұлы иеленді.
Сұңқар-балапан сайысында жеңіске Бақдәулет Бабажан (Жамбыл облысы),. ІІ орынды Медет Шалипов (Алматы облысы),. ІІ орынды Атырау қаласынан келген Сармат Абдылкәримұлы иеленді.
6 ақпан күні ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында шетел әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Abai is a treasure of world literature» атты ағылшын тілінде ақпараттық сағат ұйымдастырды. Шараға қаламыздың «Қайнар» жоғарғы колледжінің «Аударма ісі» мамандығында оқитын 2-курс студенттері қатысты.
Ақпараттық сағат қазақтың ғұлама ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін ағылшын тіліндегі бейнепрезентациядан басталды. Мәдени іс-шара барысында студенттер Абай оқыған шығармалар оның ішінде Спенсер, Ч. Дарвин, Милльдің ғылыми жұмыстарымен танысып, ойшыл Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, А.А. Леонтьев, П.Д. Лобановски, С.С. Гросс туралы мағлұмат алып, кітапхананың сирек қорында сақталған Абай шығармаларының ағылшын, қытай, өзбек, қырғыз, араб және т.б. тілдердегі басылымдарымен танысты.
Іс-шара аясында қатысушылар «What do you know about Abai?» атты ағылшын тіліндегі викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Akyn - Abai» тақырыбында ағылшынша сөзжұмбақты шешіп, ерекше қызығушылық танытты. Ал «Association with Abai» атты ойында белсенділік танытқан Жанузакова Айгерім мен Балтабекова Айгерімге естелік ретінде кітап сыйға табысталды. қатысқандар саны – 50 адам.
12 ақпан күні Абай атындағы ШҚО кітапханасы Абайдың рухани орталығында Семейдің № 2 мектебінің 11 сынып оқушыларына ақпараттық сағат өткізді. Аталмыш шара ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында үш тілде ұйымдастырылды. Ақпараттық сағат ғұлама ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ағылшын тіліндегі бейнепрезентациядан басталды. Шара барысында қатысушылар мен кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбайұлының туындыларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындады.
Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарымен бірлесе жұмыс жасай отырып, «Абайтану» өңірлік курсының оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және басып шығару
Жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сыныптарына сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған «Абайтану» курсы бағдарламасы негізінде мұғалім кітабы әдістемелік кешені жасалды және білім басқармасының сараптамалық кеңесінің 29 қаңтардағы №4 хаттамасымен бекітілді.
Әдістемелік құралдың кітабын әзірлеген жұмыс тобы 10 адамнан құралған жалпы білім беретін ұйымдардың қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері. Оқу-әдістемелік кешенге пікір беруші филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Картаева А.М.
Абайтану курсы бойынша мұғалім кітабының мақсаты мұғалімдерге пәнді оқытуда әдістемелік көмек көрсету, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету. Мұғалімдер ұсынылған 150-ге жуық оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасай отырып, әдістемелік шеберлігін шыңдайды. Мектеп бағдарламасынан тыс 100-ге жуық Абай шығармаларын оқиды. Мұғалім кітабының мазмұнында жаңа педагогикалық технологиямен жазылған қысқа мерзімді жоспар, тапсырмалар, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстыру, қосымша шығармаларының мәтіні, зерттеу еңбектері, ғылыми-зерттеу мақалалар, ресурс, сілтеме, Абай әлемі бейнефильмдері қамтылған.
2020 жылғы 13 ақпанда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың төрағалығымен облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Аталған отырысқа «Облыстық білім беру ұйымдарының жетістіктері көрмесі» ұйымдастырылды. Көрме қатысушыларына «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасы және оқу-әдістемелік кешеннің ресми таныстырылымы жасалды. ШҚО Білім басқармасының білім порталына және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына оқу-әдістемелік кешеннің электронды нұсқасы жүктелді.
Колледж студенттері арасында «Абайдың қара сөздерін» оқу сайысы.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2020 жылдың 18 ақпанында «Бородулиха колледжі» КММ базасында колледж студенттерінің басқа этнос өкілдері арасында «Абайдың қара сөздерін» оқу бойынша жарыс өткізілді. Іс-шараға 10 оқытушы мен 200 студент қатысты. Студенттер Ұлы Абайдың бірінші, бесінші, он жетінші, отыз бесінші қара сөздерін оқыды.
Іс-шараның мақсаты - студенттер арасында Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау, білім алушылардың моральдық қасиеттерін және эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Іс-шара колледж студенттерінің Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін орындауымен аяқталды.
«Абай әлемдік әдебиетте» тақырыбында колледж студенттері арасында мәнерлеп оқу сайысы(қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде).
Өскемен көпсалалы технология колледжінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында 2020 жылдың 18 ақпанында «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК ұстазы А.В. Есполова студенттер және оқытушылардың қатысуымен Абайдың шығармаларын әр түрлі тілдерде оқу челленджі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың ұлы қаламгердің шығармаларына деген сүйіспеншіліктерін ояту, нақыл сөздерін насихаттау, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Іс-шараға 14 оқытушы мен 50 студент қатысты.
Олар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқыды. Оқытушылар үшін бұл өз студенттеріне үлгі көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
19 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері №47 жалпы білім беретін орта мектепте Семей қаласы мектептерінің кітапханашылары үшін ұйымдастырылған «Біз Абай жолымен жүреміз» атты семинарда «Абай таныған кәусарлар» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Семинар барысында кітапхана қызметкерлері Абай дүниетанымын кеңейткен халықтың сарқылмас мол қазынасы халық ауыз әдебиеті, орыс классиктерінің шығармалары, Европа ойшылдарының еңбектері, Абайдың орыс достары жайында мол мағлұмат берді.
«Абай және Пушкин – екі жүректің үндестігі» тақырыбындағы облыстық семинар және онлайн ашық сабақ
"Шығыс-Қазақстан облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың 19 ақпанында "Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі" КМҚК базасында А.Құнанбаевтың 175 жылдығы мерейтойы аясында «Абай және Пушкин-екі жүректің үндестігі тақырыбында облыстық онлайн сабақ өтті. Іс-шараның мақсаты жастарды жоғары, рухани-адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың екі ақын өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін байыту және бекіту болды.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж. Н. Акимбаева және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М. Т. Оңғарбаева жүргізді. Сабақ барысында Абай мен Пушкин шығармаларының үндестігі, ұлы ақындарының өмірлік деректері көрсетілді.
Оқытушылардың тапсырмалары екі ел арасындағы достықты дәріптеуге, ұлы ақындардың шығармашылығын насихаттауға және Абай Құнанбаевтың жазбаша қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығын көрсетуге бағытталды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, екі ақынның шығармаларына салыстырмалы талдау жасады.
Онлайн-сабаққа ШҚО ТжКБ жүйесінің 60 педагог және 500 студенті қатысты.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған интерактивті сабақ
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында 2020 жылғы 20 ақпанда 9-11 сынып оқушыларына «Абай Құнанбайұлының әлемі» тақырыбында интерактивті шығармашылық сабақ өткізді.
Сабақ әдеби-музыкалық композиция форматында төрт тілде өтті (қазақ, орыс, ағылшын, неміс).
Әдеби сабақта Қазақстанның көрнекті ағартушысының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі туралы айтылды, оқушылар Абай тұлғасының патриот, азамат, ақын және ойшыл ретіндегі маңызы туралы өз түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлына арналған көрмеден мұражай экспонаттары ұсынылды.
Практикалық бөлімде онлайн аудиториямен викторина өткізіліп, оған 2000-нан астам оқушы қатысты. Оқушылар Абайдың шығармашылығы туралы өз ойларын кеңейтіп, алған білімдерін өзектендірді.
Сабақ соңында барлық қатысушылар сабақтың ерекше форматын атап өтті. «Біз Абайдың өз халқына, өз Отанына деген сүйіспеншілік рухымен сіңірілген дәуірге тап болғандай әсер алдық. Осындай іс-шараларды өткізу оқушылардың патриоттық санасының өзектенуіне ықпал етеді», – деп атап өтті қатысушылардың бірі.
Сабақ соңында барлық қатысушылар осындай іс-шаралар оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыруға және патриоттық сезімді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының қазақ тілі курсына тартылған басқармалардың тіл үйренушілері арасында ақпанның 17-28 аралығында «Абайды оқып, таңырқа» атты челлендж өтті.